• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Тамыз, 2022

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде лифт құлады

308 рет
көрсетілді

Елордада көпқабатты тұрғын үйде лифт құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 10:45-те елордалық құтқарушылар Күйші Дина көшесі бойындағы 31 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде лифтінің құлағаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына шыққан.

«Құтқарушылар келіп жеткен кезде лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықталды. Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен екі адам өз бетінше лифтіден шыққан. Зардап шегушілерді медициналық қызмет мамандары тексерді, жағдайлары қанағаттанарлық», деп атап өтті департаменттен.