• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Тамыз, 2022

Нанның қымбаттауы бидай бағасына байланысты

341 рет
көрсетілді

Қазақстан астық өндірушілер одағының төрағасы Нұрлан Оспанов елімізде нан бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Нан бағасының арзандауы немесе қымбаттауы бидай бағасына байланысты. Егер бізде бидайдың тоннасы 120 мың теңге болса, онда нан 120 теңге тұрады. Шоттарды жеңілдету үшін мемлекеттік органдар да осылай есептейді. Сондықтан біз болжағандай бидай бағасы төмендейтін болса, тиісінше елімізде нан бағасының өспеуіне барлық негіз бар», деді Нұрлан Оспанов елордада өткен дөңгелек үстел барысында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Дегенмен, одақ басшысының айтуынша, бидай мен нан құны арасында тікелей корреляция жоқ.

«Бидай бағасы нан өндіру кезіндегі жалпы шығынның шамамен 30%-ын құрайды. Одан бөлек, нан өндіруде электр энергиясы, жанар-жағармай, тағы басқа шығындар бар. Сондықтан тікелей корреляция болмауы мүмкін. Бірақ нан бағасы, теория бойынша, төмендеуі мүмкін. Сол сияқты нан бағасының төмендеуі басқа да азық-түлік (ет, жұмыртқа, күнбағыс майы) бағасының арзандауына ықпал етеді. Бұл мүмкін нәрсе», деді ол.