Екібастұзда 41 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, «103» қызметіне шақыру 2 тамыз күні сағат 17:00-де түскен.
«Жедел жәрдемнің бірінші санаты бойынша келген дәрігерлер зардап шегушінің қайтыс болғанын анықтады», делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты әзірге ақпарат берген жоқ.