Нигерияның оңтүстігіндегі Лагос штатында жол апатынан 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Аларо-Эпе тас жолында болған. Жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 16 адам қаза тауып, көптеген адам зардап шеккен.
FRSC өкілінің айтуынша, кейбір жаралылардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қайтыс болғандар саны көбеюі мүмкін.
Апатқа жүк көлігі жүргізушісінің жылдамдықты арттыруы себеп болғаны жайлы болжам бар.