Мысырда шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz The National басылымына сілтеме жасап.
Мысыр полициясы оқиға Сохаг провинциясында болғанын хабарлады.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және қаза тапқандарды тасымалдау үшін оқиға орнына 15 жедел жәрдем көлігі жетті. Апат салдарынан төрт адам жарақат алып, Сохаг қалалық жалпы ауруханасына жеткізілді.
Жыл сайын Мысырда жол-көлік оқиғалары салдарынан мыңдаған адам көз жұмады.