• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Тамыз, 2022

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

109 рет
көрсетілді

4 тамызда Ұлытау облысының орталығында және оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыс желінің екпіні найзағай кезінде 15-20 м/с болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында да найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс, шығыс желі найзағай кезінде 18-23 м/с жылдамдықпен соғады.

4-6 тамызда Іле Алатауының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні - 17-22 м/с. Жетісу Алатауында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с дейін соғады.

Қырғыз Алатауында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Батыс, оңтүстік-батыс желінің екпіні - 15-20 м/с. Талас Алатауында да кей уақытта найзағай ойнап, дауыл соғады.

Жел батыс бағыттан 15-20 м/с дейін барады. Батыс Алтайда күндіз кей жерлерде және Тарбағатайда 5-6 тамызда найзағай ойнайды. Шығыс желі, күндіз кей жерлерде - 15-20 м/с.

4 тамызда Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Ақмола облысының оңтүстік жартысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Бүгін күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде - 15-20 м/с. 4 тамызда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады.

Жел солтүстіктен, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тәулік бойы облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады.