• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 04 Тамыз, 2022

Қазақстанда маймыл шешегін анықтауға арналған 1300 тест бар

178 рет
көрсетілді

Қазақстанда маймыл шешегін емдеуге арналған препарат зерттелуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі таңда бізде маймыл шешегін анықтауға арналған 1300 тест бар. Егер маймыл шешегі ауруына күдік болса, бізде дәл осы вирусты тексеріп, нәтиже алуға мүмкіндік бар. Біз әлі тестілерді қолданбағанбыз - бұл аурудың классикалық көрінісі біздің елімізде тіркелмеген», деді Ажар Ғиният.