Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісі 5 тамыз күні Алматы уақытымен 19 сағат 28 минутта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 441 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 11,0. MPV тербелісі – 4,8. Тереңдігі – 05 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.