Алматы облысында Audi және Renault маркалы автокөліктер соқтығысты. Жол апатынан бес адам қаза тапты, үш бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
6 тамыз күні сағат 20:40 шамасында Audi автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі «Алматы-Көкпек-Көктал» автожолымен шығыс бағытта келе жатқан. 181 шақырымды жүріп өткен көлік қарсы бағытқа шығып, Renault автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.