• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Тамыз, 2022

Ертең Үкімет отырысы өтеді

216 рет
көрсетілді

9 тамызда сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн тәртібінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы, 2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің қорытындылары қаралады.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында Үкімет отырысы онлайн режимде өтеді.

Трансляция PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі Telegram-каналында жүреді.