• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Тамыз, 2022

Шығыс Қазақстандағы орман өрті сөндірілді

585 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 13:45-те 5 тамыз күні басталған өрт оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт Сарыбел ауылдық округіндегі Чикеев учаскесінің 42 гектар аумағын шарпыған. Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелерінің, Красногорск және орман шаруашылықтарының, Сарыбел бекінісінің күштері мен құралдары жұмылдырылған. 

Еске салайық, алдын ала болжам бойынша, өртке найзағай себеп болған.

Соңғы жаңалықтар