8 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 564 853 адам, ал 2-ші компонентін 9 343 827 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК деректеріне қарағанда, 2022 жылғы 8 тамызда «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 235 991 адам, ІІ дозасын 1 190 796 адам салдырды.
Оның ішінде І компонентін 872 628 жасөспірім, 41 516 жүкті әйел, 145 286 бала емізетін әйел салдырса, ІІ компонентін 855 843 жасөспірім, 39 253 жүкті әйел, 141 459 бала емізетін әйел салдырды.