• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 11 Тамыз, 2022

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі

403 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының төрағасымен кездеседі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесу өткізеді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абдулла Шахид Қазақстанда 13 тамызға дейін болады. Ол Қазақстанға сапары барысында жоғары лауазымды тұлғалармен келіссөздер жүргізеді. Пандемия, тұрақты даму, климаттық дағдарыс және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін жандандыру сияқты өзекті тақырыптар талқыланады деп күтілуде.