Қазақстандық зілтемірші Өтепберген Әлиев Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші болды. Қоссайыс қорытындысы бойынша спортшы 271 (120+151) келі салмақты игерді.