• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Футбол 13 Тамыз, 2022

«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды

204 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл күнгі соңғы екі кездесуде А тобында Алматының «Қайраты» өз алаңында «Атырау» командасынан 3:0 есебімен басым түсті. Бұл топтағы тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсу» клубы Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Аталған топтан «Қайрат» пен «Ордабасы» ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, В тобында ақтаулық «Каспий» өз алаңында «Ақжайықты» 2:1 есебімен тең түссе, «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді 14 тамызда 18:00-де D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), 21:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойындары басталады.

Соңғы жаңалықтар