Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол 73 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша 315 (145+170) келіні бағындырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ел құрамасынан Зульфия Чиншанло алтын алса, Өтепберген Әлиев қола жүлдегер атанды.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.