• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Тамыз, 2022

ШҚО-да жоғалып кеткен бала әлі табылған жоқ

192 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 12 жастағы Темірлан Ахмеджанов әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары түні бойы жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел штаб құрылды. Оған азаматтар қажетті ақпарат алу және іздестіру іс-шараларына қатысу үшін жүгіне алады», делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетсек, Өскемен қаласында 12 жастағы бала түнде үйден кетіп қалған. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда сағат 2:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтты. Айта кетсек, Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады. Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар болған. Жасыл түсті аяқ киім киген.