• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 15 Тамыз, 2022

Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді

343 рет
көрсетілді

ANTIKOR кәсіпкер Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ведомство аталған ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.М.Сұлтанбековтың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын тіркеді. Арыз берушінің уәждері тергеу барысында тексерілетін болады. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», делінген ведомство мәліметінде.

Сот бизнесмен Қуат Сұлтанбековке қатысты істі тоқтатқаны туралы бұған дейін хабарланған еді.