• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Тамыз, 2022

Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді

845 рет
көрсетілді

2022 жылғы Қазақстан Респуб­ликасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сый­лығын беру жөніндегі комис­сиясының алғашқы отырысы өтті.

Комиссия аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және кон­курстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынды. Олар: 1) Әжі­бекұлы Қазахбай – «Әл-Фараби Әбу Насыр», «Алашорда» шығармалар топтамасы; 2) Жайлыбай Ғалым – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэ­малар; 3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлы – «Жүрегім нені сезесің?» концерті; 4) Саукетаев Туруспек – «Желқайық» романы; 5) Сегізбай Кәдірбек – «Тағдыр толқыны» романы; 6) Смагулов Сембигали Абзалбекович – «Үш арыс» мүсіндік композициясы; 7) Тұрысбек Секен Кәрімұлы – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлең­дер жинағы; 8) Жақыпбай Нұрқанат – «Жібек» мюзиклі; 9) Авторлар ұжымы: Матыжанов Кенжехан Слямжанович, Каскабасов Сеит Аскарович, Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы, Мадибаева Канипаш Кайсановна, Шапай Тұрсынжан Мұқанұлы – Абай шығармаларының академиялық толық жинағы; 10) Авторлар ұжымы: Тургараев Бекет, Сергебаев Ескен Аманжолович, Бурганов Александр Николаевич, Бөкебай Саматбек Тәженұлы – Тарихи-этногра­фия­лық «Мәңгілік ел» саябағы – кесене-ескерт­кіштер кешені.

Комиссия аталған шығармаларды тал­қы­­­лауға шығармашылық және мәде­ниет ұжым­дарын, осы сала мамандарын ша­қырады.

Пікірлерін осы жылдың 25 тамызына дейін мына мекенжайға жолдауды сұрайды:

Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Тел: 8 (7172) 740519