Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 тамызда Казталов ауданы аумағында болған.
«Шамамен сағат 14.20-да Казталов-Жалпақтал-Чапаев жолының 145-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 1984 жылы туған тұрғын айдап келе жатқан «Лада Вестаға» жол бермей, соқтығысқан. «Лада Приора» автокөлігінің жолаушылары қаза тапты. Қалған 7 адам ауруханада. Қазір ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.