Атырауда екі жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, қашып кетті. Қазір оны іздестіру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша жол-көлік оқиғасы 17 тамызда түнгі уақытта болған.
«Жергілікті уақытпен сағат 22:40 шамасында маркасы «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі Атырау қаласында екі жасөспірімді қағып кеткені белгілі болды. Ол Сатпаев көшесінде орналасқан «Атырау» ойын-сауық орталығы тұсында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2004 және 2005 жылғы жасөспірімдерді көлігімен қағып кеткен», делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші көлігін оқиға орнында тастап, қашып кеткен. Қазір «ВАЗ-2114» автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Ал оның жүргізушісін іздестіру жұмысы жүріп жатыр.