• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2022

Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды

325 рет
көрсетілді

Ақмола облысында Бестөбе кентіндегі алтын өндіру шахтасы аумағында тағы бір адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, СҚО тұрғыны шахтаға заңсыз кіру барысында жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамызда Степногор қалалық полиция басқармасына Бестөбе кентіндегі «Западная» шахтасының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны көз жұмғаны туралы хабарланды.

«Алдын ала анықталғандай, ер адам шахтаға заңсыз кіру кезінде жарақат алып, қайтыс болған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі («Күзетілетін объектіге заңсыз кіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді ведомстводан.