Атырау облысында Шекара қызметінің әскери қызметшісі қаза тапты. Бұл туралы Ұлттық қаіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек қайтыс болды. Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталған», делінген ҰҚК мәліметінде.
Ведомство мәліметінше, әскери қызметшінің өлім дерегіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғаған.
«ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шаралары қабылданып жатыр», делінген хабарламада.