• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Тамыз, 2022

Велосипед мінген баланың кесірінен екі көлік соқтығысты

228 рет
көрсетілді

Абай облысында велосипед мінген бала жол-көлік оқиғасына себепкер болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысының орталығында 16 тамыз күні сағат 19.00 шамасында Әуезов даңғылының қарсы жолағында велосипед тізгініндегі 11 жастағы бала зигзаг образды қозғалысқа әуестеніп келе жатып, өз бағытында келе жатқан көлік құралын байқамай қалған.

Салдарынан Lada Priora көлік құралының жүргізушісі баланы қағып кетпес үшін жол жиегінде тұрған Gelly көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, жүргізушілерге материалдық шығын келтірілген.

Баланың ата-анасы келтірілген залалды өтеуі керек.