Серік Жұманғарин Қазақстанның Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесіндегі ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz комиссияның ресми сайтына сілтеме жасап.
«Еуразия экономика комиссиясының кеңесінде Қазақстан атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді», делінген хабарламада.
Тиісті ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келіп түскен.