• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Тамыз, 2022

Түркиядағы жол апатынан 16 адам қайтыс болды

395 рет
көрсетілді

Түркияның Дерик қаласында жүк көлігі адамдарды қағып кетті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көліктің тежегіші істен шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға жанармай құю бекетінің жанында болған. Бейнежазбада жүк көлігінің көпшілікке қарай жүйткіп бара жатқаны көрсетілген. Полицияның айтуынша, ол алдымен тоқтап тұрған екі көлікке соқтығысқан. Апат салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 20-дан аса адам жарақат алды.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жұмыс істеп жатыр.