«Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады», деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
«2022 жылдың 1 жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласында 7 млрд 11 млн теңге сомасына 464 704 тегін рецепт бойынша 148 870 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Оның ішінде:
Пациент
Рецепт
Сомасы
ТМККК
109 607
286 857
5 млрд 163 млн теңге
МӘМС ересектер
67 206
161 299
1 млрд 611 млн теңге
МӘМС балалар
10 237
16 548
236 млн
теңге
«Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 1 156 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 462 бала; Темір жетіспеушілігі анемиясымен – 517 бала; Пневмониямен – 680 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 222 бала, т.б.», деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар.
Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда: Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы; @saqtandyrybot телеграмботы; 1406 байланыс орталығы; Қордың fms.kz сайты кері байланыс арналары арқылы қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.