• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Тамыз, 2022

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

382 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан 5 адам қаза тапты, оның біреуі бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты Покровка – Жаңажол автожолының 54-шақырымында болған.

«Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында Lada Largus автокөлігі аударылып қалған. Жол-көлік апаты салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел мен үш жолаушы (оның ішінде бір бала бар) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды», делінген ПД хабарламасында.

Сондай-ақ, бес адам (оның ішінде үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.