• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Тамыз, 2022

Аргентинаның вице-президенті 12 жылға қамалуы мүмкін

213 рет
көрсетілді

Кристина Фернандес де Киршнер 2007-2015 жылдары Санта-Крус провинциясында қоғамдық жұмыстар кезінде сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

TN телеарнасының хабарлауынша, сол кезде Киршнер ел президенті қызметін атқарды. Ол бірнеше рет қылмыстық істермен айналысқан. Мәселен, ол заңсыз баю, алаяқтық, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға және прокурор Альберто Нисманның өліміне қатысы бар деп күдіктелді.

2016 жылдың мамыр айында Кристина Фернандес де Киршнерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Судья Клаудио Бонадио оны бұрынғы экономика министрі Алекс Кисиллофу мен Орталық банктің бұрынғы басшысы Алехандро Ванолиді фьючерстік сауда-саттықта төмен бағамен доллар сатты деп айыптады.