• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Тамыз, 2022

Моральдық ынталандырудың әдемі әдісі

353 рет
көрсетілді

«Құрметті азамат» атағын беру – моральдық ынталандырудың, адамның ел алдындағы ерекше еңбегін қоғамдық мойындаудың көрінісі. Сонымен қатар патриоттық сана қалыптастыруға, өңір тарихында тұлғалардың есімдерін есте қалдыру мақсатында беріледі. Ондай тұлғалар өзгелерге үлгі, өнеге ретінде құрметтеледі десек те артық, асыра айтқандық болып шықпайды.

Жалпы алғанда марапаттар жайдан-жай шығарыла салған дүние болмаса керек. Кім-кімді де үлкен істерге ұмтылдырудың төте жолы, әдемі әдісі десек жөн болар. Белгілі бір марапатқа қол жеткізген адамның соған лайық болуға құлшына ұмтылатыны, жаңа биіктерді бағындыруға тырысатыны айтпаса да түсінікті. Ал марапат иесін көрген екінші адамның да сондай құрметке жету үшін маған неге талпынып көрмеске деуі – табиғи заңдылық.

Осы тұрғыдан келетін болсақ, құрметке лайықты азаматтар біздің Тасқалада да баршылық. Мәселен, жақында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активінің отырысы өтті. Онда білім саласының ардагері Бақтығұл Жұмажанұлына, жұртшылыққа жанашырлығымен белгілі азамат, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ-ның директоры Мұхамеджан Айсабайұлына, 2001-2004 жылдары Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарған, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан қайраткер Салауат Ғаббасұлына «Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп, төсбелгілер тапсырылды.

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен жиынға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Алдияр Сансызбайұлы, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Нұрболатқызы, аудан әкімінің орынбасары Талғат Асқарұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ганмирлан Ғұсманұлы, аудандық мекемелер мен ұйымдар басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.

 

Рафхат ХАЛЕЛОВ,

журналист

 

Батыс Қазақстан облысы