• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 24 Тамыз, 2022

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

5389 рет
көрсетілді

«Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, іс бойынша бес күдікті тергеуден өтті. Олардың біреуі қамауда болса, екеуі үйқамақта.

Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды.

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты салық және кеден төлемдерін төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде.

Айыпталушылардың басқа заңсыз активтерін іздеу әрі қарай жалғасатынын айта кету керек.