• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Тамыз, 2022

Пойыздар неге шұғыл тоқтайды?

262 рет
көрсетілді

Алматыда тек биылдың өзінде пойыз машинистері 110 рет шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болған. Неге? Мұндай келеңсіздікке қауіпсіздік ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен автожүргізушілердің бейжайлылығы, малдың рельс үстінде жайылуы себеп болған.

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг­те «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «ЖТ Алматы бөлімшесі» бас ин­же­нерінің міндетін атқа­ру­­шы Александр Игошен: «Осы жылдың тек 7 айында те­мір­жол­дың Алматы филиа­лы­ның шекарасында локомотив бригадаларына шұғыл те­же­гіш­ті 110 мәрте басуға тура келді, оның ішін­де 5 оқиға өліммен аяқ­тал­ды. По­йыз­ды шұғыл тоқ­та­ту саны­ның азай­­ға­ны­на қарамастан, ста­тис­тика өте жағымсыз», деген мәлі­мет­терді келтірді.

Қай кезде де теміржол­шы­лар апаттардың алдын алу, әсіресе адамдардың пойыз астына түсіп қалуын болдырмау үшін қолдан келген шаралардың бәрін де жасап жатады. Мысалы, желілік по­ли­ция бөлімімен бірлесіп рейдтер жүргізіледі, түсіндіру жұмыстары, оқу орындарында кездесулер өтеді. Арнайы сақтандыру плакаттары ілініп, жаяу жүргіншілер көпірлерін салу мәселелері жергілікті атқа­­ру­шы органдармен бірле­сіп пы­сық­талып жатады.

Егер осы амал-шараларды нақ­­тылайтын болсақ, биыл 2 мыңнан астам адамды қамтыған кез­десулер мен Алматы-1 стан­са­сындағы жо­ғары­дағыдай оқи­ға­лар жиі тір­ке­летін 10 учас­кеде рейд өткі­зілген.

«Теміржолдың жанында тұ­ра­тын адамдар қозға­лыс қа­­уіп­сіздігін естен шығар­ма­ған­­д­ары жөн. Олар белгі­лен­бе­ген орындарда жолдарды ке­сіп өтпеуі, теміржол көлігі нысандарында ойын-сауықтар өткізбегені абзал. Жолаушылар пойы­зы­ның жылдамдығы саға­ты­на 140 шақырымға жетеді, ал жүк пойыздары сағатына 110 ша­қырым жылдамдықпен жүреді, салмағы 7 мың тоннадан асады. Мұндай кезде локомотив бригадасы жолда кедергіні бай­қаса, шұғыл тежегішті қол­дануы әбден мүмкін. Ал локо­мотивті оқыс тоқтатқан кез­де жол­дың сапасына, по­йыз­дың сал­мағы мен жыл­дамдығына байланысты кемінде 500 метр, ал кейде бір шақырымнан ар­тық қашықтық қажет болады. Бұл автокөлік емес, онда бірнеше метр қашықтықта тоқ­тау­ға немесе бір жаққа бұруға болады», деді ҚТЖ спикері.

Александр Игошен по­йыз­дарды шұғыл тоқтату темір­жол қозғалысына кері әсер ететінін алға тарта келе: «Пойыздардың қоз­ғалысы адамдардың, мал немесе автокөліктің кесірінен оқыс, жоспарсыз тоқтаған кезде үзіледі. Қозғалыста осындай іркі­­лістер орын алып жатады, бұл күтпеген шығын әкеледі», деді.

Қалай десек те, бала­лар­дың теміржолдарда ойнауы, әлеу­мет­­тік желілер үшін ро­ликтер түсі­рілуі темір­жол­шыларды қат­­ты алаң­датады. Спикердің айтуын­ша, теміржол көлігі ны­­сан­дарын­да бейнероликтер түсі­ру, құлақ­қап­пен музыка тыңдау, әсіресе капюшонды киіп алу өте қауіпті. Өйткені мұндай жағ­­­­дайда локомотив сигналдары естілмей немесе байқалмай қа­­­лады.

Сонымен спикер сөзінің со­ңында елді теміржол тәр­тіп ере­желерін мүлтіксіз сақ­тау­ға шақырды.

 

АЛМАТЫ