• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Тамыз, 2022

ШЫҰ-ның әйелдер форумына қатысты

110 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ләззат Сүлеймен мен Ләззат Қалтаева Ташкент қаласында өткен «Әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін жандандыру және олардың шешім қабылдауға қатысуы» тақырыбындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының әйелдер форумына қатысты.

Жоғарғы палатаның баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ тұрақты даму басымдықтарына қол жеткізу бойынша Форумға мүше елдердің өзара іс-қимылын нығайту мақсатымен ұйым­дас­тырылды. Сол арқылы ШЫҰ мемлекеттерінің өзара іс-қимылын дамыту көзделген.

Сенатор Ләззат Сүлеймен форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан­ның әрқашан тең құқықты жақтау­шы болғанын және солай бола беретінін атап өтіп, елде құқықтық және институционалдық негіз қалыптасқанын, гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын қорғау саласында белгілі бір прогреске қол жеткізілгенін айтты.

Сонымен қатар депутат біздің еліміз халықаралық стандарттарды ескере отырып, әйелдер құқығын қорғау және кемсітушіліктің алдын алу мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы және құқықтық тәжірибені одан әрі жетілдіруді жалғастыра беретінін жеткізді.

«Біздің қоғамда әйелдердің саясатқа қатысуы жыл сайын өмір сапасының жақсаруына жағымды әсер етіп келеді. Бұл жағдай отбасы мен балаларды қорғаудың әлеу­меттік мәселелерін шешу бағы­тындағы саяси күн тәртібінің ма­ңызын арттыруға да ықпалын тигі­зуде. Соның нәтижесінде бұл мәсе­леге қатысты даулар азайып, келісім көбейгенін атап өткен жөн», деді сенатор Ләззат Сүлеймен өз сөзінде.

Форумға қатысқан қазақстан­дық делегация құрамында Қазақ­стан Президенті Әкімшілігі Басшы­сының орынбасары Аида Балаева, Мәжіліс депутаты Әлия Са­парова, COVID-19 қарсы қазақ­с­тан­дық вакцинаның авторы Күн­сұлу Закария және Қазақстанның іс­­кер әйелдер қауымдастығының бас­шысы Раушан Сәрсенбаева болды.