• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Тамыз, 2022

Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті

190 рет
көрсетілді

Жетісу облысы, Алакөл ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz. polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 тамызға қараған түні Алакөл ауданында «Ауди-100» және «БМВ-525» көліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Үшарал-Достық тасжолының 79-шақырымында Көктұма ауылына жақын жерде 51 жастағы Audi жүргізушісі жол жиегінде тұрған BMW көлігімен соқтығысқан.

Тұрақтағы шетелдік көліктің қасында төрт ер адам болғаны анықталды, олардың үшеуі соқтығысқан «Ауди» жүргізушісімен бірге түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі 35 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қалған үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Қазір іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, көліктер мамандандырылған тұраққа орналастырылды. Жол-көлік оқиғасын тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралын пайдалану ережелерiн бұзуы) бойынша жүргізілуде.