• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Тамыз, 2022

16 спортшыға сенім артылды

151 рет
көрсетілді

Германияның Рупольдинг қала­сында биатлоннан жазғы әлем чем­пио­на­ты­ның шымылдығы түрілді.

28 тамызға дейін созылатын бәсекелер барысында Қазақстанның туы астында 16 спортшы өнер көрсетеді: Ерлер – Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Сергей Сирик, Данил Белецкий, Владислав Киреев, Кирилл Бауэр, Никита Акимов, Вадим Куралес және Руслан Амурлаев. Әйелдер – Дарья Климина, Людмила Ахатова, Елизавета Белецкая, Алина Скрипкина, Кристина Титиевская, Ксения Долгополова және Полина Егорова.

Жазғы биатлоннан әлем чемпионаты 1996 жылдан бері ұйымдастырылып, оның жалауы 23 мәрте желбіреді. Соңғы дүбірлі дода Чехияның Нове-Место қалашығында өтті. Бұл бәсекенің жалпыкомандалық есебінде жергілікті спортшылар 18 жүлде (11+5+2) олжалап, бірінші орын алды.