• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 26 Тамыз, 2022

«Тараз» ӘКК-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

380 рет
көрсетілді

«ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген тақырыптық талдаудың қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдау барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Даурен Омаров анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндама жасады.

Жүргізілген талдау барысында кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылық көрсету, жер телімдерін заңсыз беру, алдын ала тиімсіз инвестициялық жобаларды қаржыландыру, микроқаржы ұйымдарының қаражатын бөлінуіне бақылаудың жоқтығымен байланысты елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

«Ережеде конкурс өткізу тәртібінің болмауына байланысты, «Тараз» ӘКК сатып алудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етпей, өз қалауы бойынша тендер өткізу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, мемлекеттік сатып алу конкурсы барысында «Тараз» ӘКК комиссия мүшелері конкурс жеңімпаздары ретінде ұқсас құжаттарды ұсынған өнім берушілерден бас тартты. Сонымен қатар, «Тараз» ӘКК басшылығы тарапынан өндірісінде шикізаты жоқ жеткізуші конкурс жеңімпазы саналады, оның жеткізілуін өзі қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ сол жеткізушілерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін бірнеше рет сатып алу фактілері де бар», деді Дәурен Омаров.

Брифинг барысында тиімсіз қаржыландыру фактілері талқыға салынды.

«2011 жылы «Тараз» ӘКК «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-нің мүшесі болды, оның үлесі 20,18%, ақшалай түрде 395 млн теңгені құраған. 5 жыл ішінде бұл ЖШС 587 млн теңге шығынға ұшыраған.  Демек, «Тараз» ӘКК жобаға қатысу кезеңінде пайда алған жоқ. Осылайша, талдау көрсеткендей, «ПОШ-Тараз Фабрика» ЖШС-не тиімсіз инвестиция салу нәтижесінде «ӘКК» әлі күнге дейін 66 млн теңге сомасындағы қарыз қалдығын өтей алмай отыр. Сондай-ақ «Тараз» ӘКК құны 321 млн теңгені құрайтын пайдасыз жылжымайтын мүлікті алған», деді спикер.

Талдау нәтижелері бойынша Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы 15 ұсыныс енгізілді.