• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 26 Тамыз, 2022

Ғылым және жоғары білім форумы өтті

429 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуы­ның негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысына қатысты.

Вице-премьер жоғары білім мен ғылым елдің техно­логиялық, индустриялық және экономикалық дамуының қозғалтқышы екенін атап өтіп, жаңа Ғылым және жоғары білім министрлігінің негізгі міндеттеріне тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі екі ведомствоға бөлінді. Бұл ғылыми қызметті үйлестіруді күшейту және ғылым мен жоғары білім ұйымдарының жұмысын жетілдіру, сондай-ақ барлық ғылыми-техникалық бағдарлама мен зерттеулерді қалыптастыру мен іске асыруды үйлестіру», деді Е.Тоғжанов.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы салалық мемлекеттік органдардың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарын Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағына беру мәселесін қарауды тапсырғанын айтты. Бұл ғылым саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін қажет.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов салалық мемлекеттік органдарға, ҒЗИ мен ЖОО-ларға бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, салалық жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-дың Директорлар кеңесіндегі ҒЖБМ өкілдерінің үлесін арттыруды, ЖОО мен ҒЗИ басшыларының кандидатурасын ҒЖБМ-мен міндетті түрде келісуді, сондай-ақ ел ғалымдары үшін ҒЗИ мен ЖОО-лардың зертханалық және ғылыми базасына бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз етуді және қазіргі жобалардың тиімділігіне міндетті түрде ғылыми ұйымдардың аудитін жүргізуді тапсырды.

«Ғылымды дамытудың негізгі қағидаты – елдің әлеу­меттік-экономикалық дамуына қосар үлесін арттыру. Тех­ни­калық бағыттағы ғылыми әзір­лемелер экономикалық ай­на­лымға тартылуға және құн­ды­лықты арттырудың тү­­йін­ді факторына айналуға тиіс. Ғылыми әзірлемелерді то­лық коммерцияландыру­ға тек зерт­­теулер ғана емес, тә­жі­ри­­белік-конструкторлық, тех­­нологиялық жұмыстар жүр­­гізу, инфрақұрылымды, тұ­тастай ал­ғанда, инновациялық эко­жүйені дамыту қажет. Бұл экожүйелер – тех­нологиялық инкубаторлар, техн­опарктер, акселераторлар, вен­чурлық қорлар», деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Ералы Тоғжанов кадр даярлау жүйесі қажетті мамандармен озық қамтамасыз ету моделіне көшуге тиіс екенін атап өтті.

«Кадрларды озық даярлау моделі білім бағдарламаларын әзірлеуге қойылатын шарттар мен талаптарды түбегейлі өзгертеді. Бұл халық табысын арт­тыруға арналған «Маман­дығым – болашағым» бағдарла­масының негізіне алынды. Мұны барлық өңір мен салада кеңейту қажет. Жаңа модельді біз қолдаймыз және 2026 жылға де­йінгі білім беруді дамыту тұжы­рымдамасында қарастырған жөн деп санаймыз», деді Е.Тоғжанов.

Халықаралық сарап­шылардың бағалауынша, 4-ші деңгейдегі заманауи өнер­кәсіптің даму көрсеткіші сапалы адами капиталға 68%-ға, инфрақұрылымға 16%-ға және шикізатқа тек 12%-ға байланысты. Ақпараттық технологиялар ғасырында бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеу қажет.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сала­лық ведомствоның бағытын дамытудың негізгі басымдықтары мен міндеттерін атады.

«Жүйелік шешімдер ұсы­намыз. Біріншісі – гранттарды саралау. Гранттар санын көбей­тудеміз. Былтырғымен салыс­тырғанда грант саны 19%-ға өсті және келер жылы да ұлғаятын болады. Ал биыл 88 мың грант бөлінді», деді С.Нұрбек.

Оның айтуынша, отан­дық ғылым салалық, аймақтық мәселе­лерді шешуге бағытталуы керек.

«Мемлекет басшысы Ұлт­тық ғылым академиясының мәртебесін көтеруді тапсырды. Үкімет жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Бүгін форумда университеттегі ғылым мен қолданбалы ғылымның қызмет ету мәселелері талқыланды. Мақ­сатымыз – жоғары оқу орындарын зерттеу моделіне көшіру», деді С.Нұрбек.