• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Тамыз, 2022

Колумбия мен Венесуэла дипломатиялық байланысты қалпына келтірді

208 рет
көрсетілді

2019 жыл үзіліп қалған Колумбия мен Венесуэла арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас қайта жандана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді екі елде бір-бірінің елшілігі ашылады. Осылайша, араға 3 жыл салып, үзілген байланыс қайта орнады.

Колумбияда 19 шілдеде өткен президенттік сайлаудың екінші турының қорытындысы бойынша солшылдардың өкілі Густаво Петро алғаш рет президент болып сайланды. Петро Колумбия президенті қызметіне 7 тамызда кірісті. Сайлау науқаны кезінде ол Венесуэламен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге дайын екенін мәлімдеген еді.