• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2014

Ардагер қайта «тірілді»

390 рет
көрсетілді

Атыраулық соғыс ардагері Александр Погадаевты қайтадан «тірілді» деуге әбден болады. Өйткені, ол бұдан 13 жыл бұрын өлілер тізіміне енгізілген екен. Мұны ардагердің немересі Ольга Сбитнева халыққа қызмет ету орталығына барғанда білген. Оған атасының 2001 жылдан бері өлілер тізімінде екені хабарланған. – Қателік кеткен ғой. Оны түзету үшін атамыздың тірі екенін куәландыратын медициналық анықтаманы тиісті орын­дарға тапсырдық. Жақында біз атамыздың кез келген анықтаманы алуына толық мүмкіндік жасалғаны туралы жақсы хабар алдық, – дейді соғыс ардагерінің немересі Ольга Сбитнева. Александр Погодаев екінші дүние­­­жү­­зілік соғыста Отанын жаудан қорғаса, бей­біт өмірде қоғам тыныштығын күзет­ті. Ішкі істер қызметінен зейнетке шыққан­ отстав­кадағы полковник бұл күндері «Фрон­­товичка» еңбек ардагерлері хорының бел­­ді мү­шесі атанып жүр. Ардагер 2004 жы­­лы жаңадан жеке куәлік пен шетелдік төл­­құжат, ал, 2013 жылы жаңа пәтер алып­ты. Шындығында, 2001 жылы өлілер тізіміне енгізілген соғыс ардагеріне же­ке басын куәландыратын құжаттар мен жаңа пәтер қалай берілген? Бұл сауал­­дардың әзірге жауабы табылмай тұр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.