• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Тамыз, 2022

Елордада жатақханадан өрт шықты

325 рет
көрсетілді

Елордада жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«30 тамыз күні сағат 12:26 шамасында Өрт сөндіру қызметіне Алаш тас бойы 9 мекенжайы бойынша өрт туралы хабар түсті. Жедел түрде өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты жатақхананың бөлмесінде үй жиһаздары өртеніп жатқанын анықтады. Құтқарушылар өрт орнынан төрт адам құтқарды», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Өрттің аумағы 18 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 22 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.