• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қыркүйек, 2022

Президент: Мектеп салу – Үкімет және әкімдіктердің басты міндеттерінің бірі

833 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті биылғы жолдауында 2025 жылға дейін апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқытатын мектеп мәселесі толық шешілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс», деді Президент.

Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанын айтты.

«Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын оқушылар үшін мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», деді Мемлекет басшысы.