• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қыркүйек, 2022

Қандастардың көшіп келуіне қатысты саясат түбегейлі өзгереді

433 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қазақстанға көшіп келгісі келетін қандастардың көші-қонына қатысты саясат түп-тамырымен өзгеретінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

«Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды. Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек», деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Оның айтуынша, кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек.

«Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.