• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қыркүйек, 2022

Бас прокуратура рақымшылық тізімін дайындап жатыр

713 рет
көрсетілді

Қазақстанның Бас прокуратурасы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқандарға рақымшылық жасау тізімін дайындап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық БАҚ журналистері бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен рақымшылық жасалатын адамдардың саны жайлы сұрады. 

«Әзірге нақты санды айта алмаймын. Қазір сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы кеше тапсырма берді. Экстремистік қылмыс жасағандар мен ұйымдастырушыларға рақымшылық жасалмайды. Қазірдің өзінде 1000-нан астам іс тергелді, 1000-ға жуық адам сотталды», деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Осы орайда Бас прокурордың орынбасары нақты сандар кейінірек айтылатынын атап өтті.

«Тергеу кезінде біз гуманизм әрекеттерін көрсеттік деп айта аламын. Президент қаңтар оқиғаларында ауыр қылмыс жасамаған адамдарды бас бостандығынан айырмау үшін оларға адамгершілікпен қарауды тапсырған. Менің айтайын дегенім, қаңтар оқиғасына қатысты елде 983 адам сотталды, олардың 100-ден астамы нақты мерзімдерді алды», деп қосты ол.