• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қыркүйек, 2022

Омбудсменге Парламенттің кез келген отырысына кедергісіз қатысу құқығы беріледі

151 рет
көрсетілді

Елімізде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге парламент палаталарының кез келген отырыстарына қатысу және түрмелерге кедергісіз бару құқығы беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министр Алма Мұқанова мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды.   «Уәкілге парламент палаталарының кез келген, ашық та, жабық та, бірлескен және бөлек отырыстарына қатысу және сөз сөйлеу құқығын беру ұсынылады. Сондай-ақ уәкілдің құзыретін күшейту мақсатында оның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз бару құқығы бекітіледі», деді Мұқанова.   Құжатта уәкілдің құзыреттілігін күшейту және оның қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру ережелері көзделген.   Сонымен қатар, уәкіл азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы.