• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 03 Қыркүйек, 2022

Үкімет әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарайды

397 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы денсаулық сақтауды және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Біз медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін қолдану арқылы жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауымыз қажет», деді Премьер-Министр. 

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне Қаржы министрлігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.