• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда

2284 рет
көрсетілді

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылды. ТЖМ-дан 40 бірлік техника, жеке құрамның 261 адамы, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД, 52859 ә/б (Қарағанды қ.)) ІІМ-нен жеке құрамның 33 адамы; ІІМ ҰҰ (Ә/Б 6697) - 150 адам, 14 бірлік техника; Қорғаныс министрлігінен жеке құрамның 20 адамы; Орман шаруашылығынан 32 бірлік техника, 83 адам орман күзеті; «Қазавиаорманқорған» РМҚК ұйымынан 12 адам, 2 бірлік техника, 1 әуе кемесі; ЖАО-дан 3 техника бірлігі, жеке құрамнан 20 адам; «ҚТЖ» АҚ-дан 5 өрт сөндіру пойызы (21 адам) жұмылдырылды», деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.

Айта кетейік, су шашу құрылғылары үшін ресурс 25 км қашықтықта орналасқан табиғи су қоймасынан әкелініп жатыр.