Қостанайдағы ірі орман өрті кезінде 1936 жылы туған бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Учаскелік инспектор эвакуация жайлы хабардар еткен, бірақ марқұм эвакуациядан бас тартқан. Адам өлімі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр», деді ТЖМ басшысы Юрий Ильин.
Еске салсақ, бұған дейін Юрий Ильиннің эвакуацияланған тұрғындармен кездескені жайлы жазғанбыз.