Бас прокуратура Қостанай облысындағы өрт фактілеріне байланысты 3 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабының 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», делінген хабарламада.