Қостанай облысында үйлері өртеніп кеткен отбасыларға Halyk Bank-тен 1 млн теңге беріледі. Бұл жөнінде банктің баспасөз қызметі әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарлады.
Ресми ақпаратта Halyk Bank-тің Қостанай облысындағы алапат өрт кезінде үйлері күлге айналған әр отбасыға 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілетіндігі жөнінде айтылған. «Бұл қаржыны баспаналарынан айырылған адамдар күш жинап, ең қажеттісі – тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсауға мүмкіндік алады» делінген хабарламада.
Сонымен қатар банк басшылығы жанып кеткен үйлердің барлық иесіне Halyk Bank-тегі қолданыстағы кредиттерді жабу туралы шешім қабылда- ды.
Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының өрт салдарынан зардап шеккен барлық тұрғынына жанашырлық танытып, олардың өмірлері жақын арада үйреншікті қалыпқа келеді деген үмітте.