• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі

298 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлерге келтірілген залалды есептеу үшін арнайы штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Зардап шеккен аймаққа келтірілген залалды бағалауды жүргізу үшін сараптама комиссиясы жіберіледі. Ресми деректерге қарай нақты залалды өтеу үшін зардап шеккен бизнеске қаржы жинау ұйымдастырылады», деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Кикимов.

Оның айтуынша, зардап шеккендерге төлем жинау мен төлеуді ұйымдастыру үшін «Күшіміз бірлікте» қорымен уағдаластыққа қол жеткізілді.

Зардап шеккендер мен көмек көрсеткісі келетіндер ҰКП сall-орталығының 1432 және ӨКП қызметкерлерінің телефондары бойынша хабарласа алады: + 7 777 037 77 78 , +7 705 153 91 07, +7775 963 10 00.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта тасжол бойында орналасқан үш қоғамдық тамақтану объектісі зардап шеккен. Олардың бірі жұмыс істемейді.

Еске  сала кетсек, 2 қыркүйек күні Қостанай облысында алапат өрт болды. 3 қыркүйекте өрт жақын маңдағы ауылдарға тарап үлгерді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрттің себебі отты абайсыз қолдану болуы мүмкін екенін айтты. Қазір тергеу органдары барлық мүмкін нұсқаларды қарастырып жатыр.